Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Тұрғындар нысандардың қауіпсіздігі, жергілікті қоғамдастықтың жұмысы, қараусыз қалған ғимараттарды пайдалану, инженерлік коммуникацияларға қосылу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Атап айтқанда, Павлодардағы «Центральный» ГТК аумағына көліктердің кіріп-шығуына қатысты жағдай қаралды. Кооператив иелерімен кездесу ұйымдастырып, орын алған бұзушылықтарды жою мәселесін пысықтау тапсырылды.

Қаратерек ауылының тұрғыны дене шынықтыру-спорт кешенін мамандармен қамту мәселесін көтерді. Пилоттық жоба аясында екі колледжде дуальды оқыту енгізілді. Облыс әкімі спорт инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушылар даярлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жұмысы және Қаратерек ауылындағы қараусыз қалған екі ғимаратты пайдалану мәселелері қаралды. Май ауданының әкімдігіне нысандардың жай-күйін зерделеу тапсырылды.
Көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынды.
Жеке қабылдауға eGov.kz, E-otinish.kz немесе әкімдіктің WhatsApp +7 702 166 16 61 нөмірі арқылы жазылуға болады.