Павлодар облысында спортқа бет бұрғандар саны артуда

Өңір билігі спортты қолдау және дамыту арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары Айгүл Маликова өзінің Instagram парақшасында мәлімдегендей, өңірде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 2025 жылы 293 454 адамды құрап, облыс халқының 39,4%-ын құрады. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 70%-ға жеткізу жоспарлануда.
Спорттың қолжетімділігін арттыру үшін облыста спорттық инфрақұрылым дамып келеді. Қазірдің өзінде спорт нысандарымен қамтамасыз ету деңгейі 69,4%-ды құрайды.
Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мақсатында балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) рөлі жоғары. Облыста 24 БЖСМ жұмыс істейді, онда 24 мыңнан астам бала спорттың олимпиадалық және олимпиадалық емес түрлерімен айналысады.
Ауыл тұрғындары да спорттан тыс қалмаған. 100 ауылдық елді мекенде 145 нұсқаушы қызмет етеді, олардың көмегімен 4500 ауыл тұрғыны спортпен тұрақты шұғылданады. Өткен жылы ауылдық спорт нұсқаушылары 4000-ға жуық спорттық іс-шара ұйымдастырып, оған 11 мыңнан астам адам қатысты.
Жастардың спортқа келуін ынталандыру үшін «Artsport» бағдарламасы іске қосылған. 2025 жылы бұл бағдарламаға 2,9 миллиард теңге бөлінді, оның арқасында 13 276 бала спортпен тегін айналысуда.
Спортпен айналысатындардың арасында ұлттық спорт түрлері де танымал. Бүгінде 27 850 адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады, бұл барлық спортпен шұғылданушылардың 9,5%-ы.
Облыста ерекше қажеттіліктері бар адамдардың спортпен шұғылдануына да жағдай жасалған. Қазіргі таңда 1821 мүмкіндігі шектеулі жан 19 спорт түрімен айналысады. «Спешиал Олимпикс» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі шектеулі балаларға спортпен шұғылдануға жол ашуда (қамту – 12,9%).
Спорттық инфрақұрылымды дамыту – маңызды бағыттардың бірі. Бүгінгі таңда облыста 2200 спорт нысаны бар. Сонымен қатар, Ақсу қаласында Мұз аренасы пайдалануға берілді, Успен ауданында, Шарбақты ауданында және Павлодар ауылдық аймағында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Алдағы уақытта Павлодар қаласындағы жаңа Мұз сарайын қосқанда, алты дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады, және сегіз жобаны іске асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Билік органдары спортты дамытуға және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шараларды қолдауды жалғастыра беретін болады.