Асайын Байханов егіс науқанына дайындықты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Асайын Байханов егіс науқанына дайындықты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды
Фото: Валерий Бугаев

Аймақ басшысы алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жыл өңірдің ауыл шаруашылығы үшін өте ауыр болды, осыған байланысты биылғы егіс жұмыстарына ерекше назар аудару тапсырылды.

Биыл өңірде майлы және жем-шөп дақылдарының егістігін кеңейту есебінен егістік алқабы 20,3 мың гектарға ұлғаяды және 1 миллион 657,3 мың гектарды құрайды. Тұқыммен қамтамасыз ету 94% немесе 163,5 мың тонна тұқымды құрайды. Бүгінде шаруашылықтар оларды Қазақстан мен Ресейдің басқа өңірлерінен жеткізуге алдын ала келісімшарттар жасасты.

Бүгінгі таңда бюджет есебінен тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау, тыңайтқыштардың, пестицидтердің және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне су жеткізу бойынша өткен жылғы қарыздар толығымен өтелді. Барлығы 2 миллиард 362 миллион теңгеге 1644 өтінім қанағаттандырылды.

«Бәйтерек «ҰБХ» АҚ қаржы институттарымен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жалпы сомасы 6,7 миллиард теңгеге несие берілді, қосымша тағы 1 миллиард теңгеге өтінімдер қаралуда.

Аймақ басшысы Асайын Байханов егіс науқанына дайындық мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.