Ақсуда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс істейді

Ақсуда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмыс істейді
Фото: Ақсу қаласы білім бөлімі

Мұндай орталық Ақсу ауылдық аймағындағы барлық мектепте бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласы білім бөлімінің мәлімдеуінше, орталық мұғалім, ата-ана және балалар арасында байланысты нығайтуға ықпал етеді

- «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Ақсу өңірінің барлық 26 мектебінде жұмыс істейді. Оның мақсаты - жеке тұлғаны тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздері аясында ата-аналардың, мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-қимылының тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ мектепте қолайлы орта құру, жеке тұлғаны еркін дамытуды көздейді, - делінген хабарламада. 

Орталықтың негізгі міндеттеріне позитивті ата-ана мәдениетін дамыту арқылы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар,  ұлттық құндылықтар негізінде ата-аналарға жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру, бақытты және табысты балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту, позитивті ата-ана мәдениетін дамытуда әлеуметтік серіктестердің күш-жігерін біріктіру мақсат етілген.

Орталық ашылған барлық мектептерде алдағы уақытта дөңгелек үстелдер, шығармашылық байқаулар, ата-аналар жиналысы, спорттық шаралар арқылы ата-аналар мен ата-әжелер арасында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мұндай шаралар мұғалім, ата-ана және балалар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.