Асайын Байханов Екібастұз қаласының кеншілерімен және энергетиктерімен кездесті

Асайын Байханов Екібастұз қаласының кеншілерімен және энергетиктерімен кездесті

Бүгін Екібастұздың еңбек ұжымдарында азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өңір басшысы Асайын Байханов «Б.Нұржанов атындағы 1-МАЭС» АҚ, «2-МАЭС» АҚ және «Богатырь Көмір» ЖШС разрезінің қызметкерлерін қабылдады. 

- Кеншілер мен энергетиктер жеке қабылдауда өздерін толғандыратын сұрақтарын тікелей қоя алды. Облыс әкімі қабылдауға келген кәсіпорын қызметкерлерінің сауалдарына нақты жауаптар беріп, кейбір мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берді, - деді баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ әкіммен бірге облыстық басқармалардың басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері кеңес берді. Барлығы 152 адам қабылданды. 

Фото: Валерий Бугаев