Екібастұзда балкон жанып, екі адам құтқарылды
Оның біреуі - бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 сәуірде сағат 12.57-де 101 пультіне Кеншілер көшесі, 15б мекенжайы бойынша екінші қабаттың балконынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.
- Өрт сөндіру бөлімшелері шақырылған жерге келгенде 4 шаршы метр көлемінде ағаш балконнның жанып жатқаны анықталды, - деді департаментте.
Оқиға орнынан екі адам құтқарылды, оның ішінде біреуі - бала.
Өрт сағат 13.11-де оқшауланып, сағат 13. 15-те сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға екі техника, 7 қызметкер қатысты.