Асайын Байханов: Конституция – Тәуелсіздігіміздің берік іргетасы

Асайын Байханов: Конституция – Тәуелсіздігіміздің берік іргетасы
Ольга Бугаеваның иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі павлодарлықтарды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Ол 30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Негізгі заңымыз адам құқықтары мен бостандықтарын, теңдік пен әділеттілікті басты құндылықтар ретінде бекітіп, Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде даму жолын айқындағанын атап өтті. 

– Павлодар облысының тұрғындары адал еңбегімен, жауапкершілігімен және елге деген жанашырлығымен еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Бүгінде өңірімізді еліміздің индустриялық жүрегі деп атауы бекер емес – бұл сіздердің ұйымшылдықтарыңыз бен қажырлы еңбектеріңіздің жемісі, – деді өңір басшысы. 

Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойы аясында өңірімізде 700-ден астам іс-шара жүзеге асырылуда. Мұның бәрі құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. 

Асайын Байханова Конституциямыз болашаққа деген сенім мен күштің қайнар көзі бола беруін және баршаға зор денсаулық, амандық пен бірлік, ал Отанымызға – өсіп-өркендеу мен жаңа жетістіктер тіледі.