Асайын Байханов: Менің жастық шағым Екібастұзда өтті

Асайын Байханов: Менің жастық шағым Екібастұзда өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі кеншілер қаласының тұрғындарын қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құрметті екібастұздықтар! Кеншілер қаласы – еліміздің энергетикалық жүрегі. Бұл тарихы бай мен болашағы зор қала және мұның барлығы сіздердің, яғни, немқұрайлы қарамайтын еңбекқор тұрғындарының арқасында, – деді Асайын Байханов.

Сонымен қатар, ол өзінің өмірлік жолы да осы қаламен тығыз байланысты екенін атап өтті. 

– Мұнда менің туыстарым тұрады және жастық шағым да осы қалада өтті. Сондықтан Екібастұздың жетістіктері мен одан әрі дамуы мен үшін өте маңызды, – деді облыс әкімі. 

Аймақ басшысы әрбір шаңыраққа жылулық, жайлылық пен амандық тіледі.