Павлодарлықтар қатерлі ісіктің алдын алу бойынша тегін тексеруден өте алады

Павлодарлықтар қатерлі ісіктің алдын алу бойынша тегін тексеруден өте алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңеш, бас және мойын қатерлі ісігін ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық онкологиялық диспансердің мәліметінше, шара 25 сәуір күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жалғасады. Барлық ниет білдірушілер мамандардың кеңесін алып, тиісті тексерулерден өте алады.

Дәрігерлердің қабылдауына алдын ала жазылу қажет емес. Келушілердің өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт.

Ашық есік күні Российская көшесі, 57/3, А корпусы мекенжайы бойынша өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98 телефондары арқылы хабарласуға болады.