Ақсу өңірінің жол апатында бір айлық сәби қаза тапты
Тағы үш адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу өңіріндегі Ребров ауылының маңындағы «Атамекен – Русская Поляна» автожолында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды.
– LADA Granta және BMW маркалы көліктердің соқтығысуы салдарынан 2024 жылы туған қыз бала қаза тапты. 1996 жылы туған әйел мен 1996 және 1998 жылдары туған екі ер адам Павлодар №1 қалалық ауруханасына жеткізілді, – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталуда.