Асайын Байханов: «Отанды қорғауға дайын болу маңызды құндылық болып қала бермек»
Аймақ басшысы жерлестерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Instagram желісіндегі жеке парақшасында Отан қорғаушылар күнінің мәнін атап өтті.
– Бұл – отбасы мен Отанды, елдің әлеуеті мен қауіпсіздігін жоғары бағалайтын барша жанды біріктіретін мереке. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Отан қорғаушылар күнін атап өтудің маңызы өте зор. Барлық кезеңде Отанға деген сүйіспеншілік, оны қорғауға әрқашан дайын болу маңызды құндылықтар болды және болып қала бермек,– деп жазды ол.
Оның сөзінше, 7 мамыр – еліміздің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жолында өз өмірлерін әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарындағы қызықты да қиын әскери қызметке арнаған жандарға құрмет көрсетіп, ұлықтайтын күн.
Асайын Байханов Отан қорғаушыларға мықты денсаулық, отбасылық амандық, бейбіт аспан және Отанымыз - Қазақстан Республикасының мұрат-мүддесі жолындағы елдік қызмет етуде табыс тілейді.