Павлодарлық студент ветеринарлық байқауда үздік атанды

Павлодарлық студент ветеринарлық байқауда үздік атанды

Байқау техникалық және кәсіптік шеберлік жүйесінің ауыл шаруашылығы бағытындағы оқу орындарының студенттері арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысындағы көпсалалы колледждің базасында өткен «VetPro» аймақаралық кәсіби шеберлік байқауына Павлодар облысының намысын «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжінің «Ветеринария» мамандығының  үшінші курс студенті Меруерт Жаныс қорғады.

Болашақ ветеринарлар төрт тапсырма бойынша бақ сынасты. Яғни ветеринария бойынша ситуациялық міндет, ірі қара мен ұсақ малдың мойын тамырынан қан алу техникасын көрсету, жануардың денесіне дәрілік заттарды енгізу әдістері және қойдың кастрациясы.

Өзге сайыскерлердің ер азаматтар болғанына қарамастан Меруерт барлық міндеттерді соның ішінде күш-қуатты қажет ететін тапсырмаларды орындады.

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық студент үшінші орынға ие болды.