Асайын Байханов павлодарлықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады

Асайын Байханов павлодарлықтарды Рамазан айының келуімен құттықтады
Фото: Константин Шелков

Бүгін Қасиетті Рамазан айының бірінші күні, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңір жұртшылығын қасиетті айдың басталуымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

- Сіздерді қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ай – жанымызды тазартып, жүрегімізге иман мен мейірім нұрын құятын, сабыр мен қоғам алдындағы жауапкершілікке тәрбиелейтін қасиетті кезең. Рамазан бізге мұқтаж жандарға назар аударуды, оларға шын ниетпен, риясыз қол ұшын созуды үйретеді. Әр ұсталған ораза, әр жасалған дұға мен игі істеріңіз Алла Тағаланың нұрына бөленсін, ниеттеріңіз қабыл болып, сауаптарыңыз еселене берсін. Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, мол бақыт пен береке, барлық ізгі тілектеріңіздің орындалуын тілеймін, - деп жазды өзінің Instagram парақшасына. 

Сонымен қатар, аймақ басшысы қасиетті айдың әр күні әр шаңыраққа тыныштық пен шаттық әкеліп, әр жүрекке қуаныш пен үміт сыйлауын тіледі.