Павлодар облысында Қарттар күніне орай зейнеткерлер біржолғы төлем алады

Бұл бастама егде жастағы азаматтарға құрмет көрсетіп, олардың әлеуметтік жағдайын қолдауға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Халықаралық Қарттар күні қарсаңында облыстың қала және аудандарында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлемдер қарастырылды.
Атап айтқанда, ең төменгі және одан төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге – 2 айлық есептік көрсеткіш, атап айтқанда 7864 теңге, ал жасы 80-ге толған және одан асқан, сондай-ақ, ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы алатын азаматтарға – 3 айлық есептік көрсеткіш, яғни 11796 теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетіледі.
Биыл бұл қолдау шарасымен 20 мыңнан астам зейнеткерді қамту жоспарлануда.