Астана – Павлодар бағытындағы жол жабылды

Астана – Павлодар бағытындағы жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу таңға дейін созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпан сағат 21:30-дан бастап «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-ден 254-шақырымына дейінгі аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Шұғыл шара қалың қар мен көріністің нашарлауына байланысты қабылданған. Қолданыстағы жоспар бойынша, жол 6 ақпан күні таңғы сағат 8:00-де қайта ашылуы тиіс.