Ауғанстанда жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 12 наурыз күнгі 00 сағат 25 минутта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.