Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты

Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Безендірілген электр пойызы соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

9 мамыр қарсаңында Астанадан Павлодарға Жеңіс күніне орай арнайы суреттері салынған №7502 электр пойызы жолға шықты.

–  Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсы алады,– деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге тырысады.