Екібастұзда жас жұбайлар азаматтық міндеттерін орындады
Олар той алдында дауыс беру учаскесіне барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін Екібастұз қаласында орналасқан референдум учаскесіне үйлену тойларын жасағалы жатқан Мұхаммед пен Диана Тойшықожа және Егор мен Алина Шубиналар барып, таңдауларын жасады.

- Бүгін біз жас отбасы ретінде жаңа Ата Заңымызды қолдап, өз таңдауымызды жасадық. Ел талқылауына түскен жаңа Конституция жастардың өсуі мен өркендеуіне мол мүмкіндік береді. Оқуда болсын, саясатта болсын бізге белсенді болуға, дамуға жол ашық. Біз жас отбасы ретінде жаңа Ата Заңды қолдаймыз, - дейді Мұхаммед Тойшықожа.
Жас жұбайлар үлкен өмірге қадам басқан айтулы күндерінің ел үшін маңызды күнмен тұспа-тұс келуінің өзін жақсылыққа балап отыр. Олар республикалық референдумнан тыс қалмай, өз учаскелеріне той киімімен арнайы барды. Жас жұбайлар азаматтық борыштарын орындап, болашақ үшін дауыс беруді бәріненде маңызды деп санайды.