Павлодар мен Астанада экстремистік әрекеттерде күдікті адамдар ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
2-3 мамырда Астана және Павлодар қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен өзара әрекеттесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның 3 азаматын ұстады.
– Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктелуде.Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды,– деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінде.
Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған. Қылмыстық кодекстің 256 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.