Павлодар облысында орман аумағында өрт қауіптілігі жоғары маусым басталады

Павлодар облысында орман аумағында өрт қауіптілігі жоғары маусым басталады

Қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға айыппұл салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мәлім етті. 

5 сәуірден бастап Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес Павлодар облысында орман аумағында өрт қауіптілігі жоғары маусым белгіленді.

- Өрт қауіптілігі жоғары маусым кезінде орман күзеті орман өрттерін болдырмау үшін міндетті профилактикалық жұмысты жүзеге асыратын болады. Бұл минералданған жолақтарды жасау, мемлекеттік қордың орман алқаптары арқылы өтетін автожолдарда халық көп баратын демалыс орындарында өртке қарсы тақырыптағы аншлагтар орнату, - деді басқармада. 

Дала және орман өрттерінің негізгі себебі антропогендік фактор болып табылады. Бұл ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау – от жағу, тасталған темекі тұқылдары, отпен абайсыз жұмыс істеу және т.б.

Өрт шұғыл түрде анықталған жағдайда 101-ге немесе басқармаға 32-36-97, 65-25-60 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабына сәйкес ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу 10-нан 1 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Фото: ашық дереккөздерден