Аяз атаға хат: Павлодарлықтарды сиқыршы болуға шақырады

Аяз атаға хат: Павлодарлықтарды сиқыршы болуға шақырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

100 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала хат жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жаңа жыл қарсаңында «VITA» іздестіру жасағы «Аяз атаға хат» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Келіп түскен 450 хаттың ішінен 100 данасы қалды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін хатқа түсіріп, еріктілерге жолдады. 

– Біз тілектерді орындайтын сиқыршыларды іздеудеміз. Әрбір хатты жеке салып отырамыз. Балалар қалайтын заттарды тапсырыспен сайттардан немесе дүкеннен сатып алуға болады, – деді еріктілер. 

Павлодарлықтар балалардың тілектерін орындау үшін «VITA» іздестіру жасағының Instagram парақшасында жарияланған хаттардың біреуін таңдап, скриншот жасап 8 (747) 615-55-63 WhatsApp нөміріне жіберу керек. 

– Сіз таңдаған хат бойынша ол хатты ешкім алмағанын біз растағаннан кейін ғана тілектің орындалуына және сыйлықтың сатып алынуына жауапты боласыз. Жаңа жылда әр баланың арманы орындалуы керек. Акцияға қатысып, жақсылық жасауға өз үлесін қосып жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз, – деді еріктілер. 

Тілектерді орындау мерзімі – 20 желтоқсанға дейін. 

Балалар сыйлыққа алғысы келіп отырған заттардың ішінде киім, микроскоп, Алиса бағаны, тәттілер, ойыншықтар, шырша, құлаққап және т.б бар.