Азия чемпионы: дауыс беру – азаматтық борышым

Азия чемпионы: дауыс беру –  азаматтық борышым

Қазақстан және Азия чемпионы Руслан Валитов өз таңдауын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш Құрылтай сайлауына 18 жастан асқан әрбір азамат белсенді қатысуда. Солардың қатарында спортшылар да бар. Мәселен, Май ауданының тұрғыны, қол күресінен Қазақстан және Азия чемпионы РусланВалитов бүгін №593 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.

– Мен де өзге павлодарлықтар тәрізді ел үшін маңызды күнде азаматтық таңдауымды жасадым. Спортта жеңіске жету үшін табандылық пен жауапкершілік қажет болса, елдің болашағы үшін де әр азаматтың атқаратын ісі маңызды деп ойлаймын. Қазақстан және Азия чемпионы ретінде халықаралық жарыстарда еліміздің көк туын көтеру – мен үшін үлкен мәртебе болса,  бүгін де ел үшін айтулы күнде өз дауысымды беруді аброй көрдім, – деді Руслан Валитов.

Спортшы азаматтық жауапкершіліктің ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Екібастұзда дауыс беруге «NAIZA TEAM» турнирінің кәсіби жауынгерлері –  Сайхан Джимухаев, Ерасыл Танибергенов, Марат Әшімтаев, Данияр Жүнісов және Артур Васюткевич те арнайы келген еді.