Шетелде жүрген павлодарлықтар Құрылтай сайлауында қалай дауыс береді?

Шетелде жүрген павлодарлықтар Құрылтай сайлауында қалай дауыс береді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сайлау күні шетте жүрген азаматтың қолында Қазақстан Республикасы жарамды паспорты болса болғаны, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау өтеді. Сайлау күні шетелде болатын немесе тұрақты тұратын павлодарлықтар да өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс бере алады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі елшіліктері мен консулдықтары жанынан құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беруге сол елде тұрақты тұратын немесе ұзақ мерзімді іссапарда жүрген, қолында Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар азаматтар қатыса алады.

Сондай-ақ жеке шақырумен, қызметтік, іскерлік немесе туристік сапармен шетелде жүрген қазақстандықтар да тиісті учаскелік сайлау комиссиясына жүгініп, жарамды паспорты болған жағдайда сайлаушылар тізіміне енгізіледі.

Ескеретін жайт, егер сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың барлығы мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерсе, дауыс беру белгіленген уақыттан ерте аяқталуы мүмкін.

Шетелдегі сайлау учаскелерінің толық тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурстарында жарияланған.

Шетелде жүрген павлодарлықтарға сайлауға қатысу үшін өздері орналасқан елдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне алдын ала хабарласып, сайлау учаскесінің мекенжайы мен жұмыс тәртібін нақтылап алған жөн.