Ақсу электр станциясы қысқа қаншалықты дайын?

Ақсу электр станциясы қысқа қаншалықты дайын?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дайындық жұмыстарына қаржы жергілікті бюджеттен бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Павлодар облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитеті инвестициялық бағдарлама аясында нысанның міндеттемелерін орындауын тексеру мақсатында «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ баспасөз турын өткізді.

Биылғы жылдың инвестициясы 9,421 млн теңгені құрады. Бұл ақшаға «ЕЭК» жылыту маусымына дайындық бойынша 20 іс-шара өткізуі тиіс болатын.

Электр станциясын пайдалану бөлімінің басшысы Александр Поддубный атап өткендей, барлық әлеуметтік нысандарға жылу берілді.

– Қазір № 6 энергоблокты жөндеп жатырмыз, оны қарашаның басында аяқтаймыз. Ағымдағы жылы №1 және 3 қондырғыларға да жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық бағдарламасын толықтай дерлік аяқтадық, – деді Александр Поддубный.

Сондай-ақ жылу жабдықтарын жөндеу бойынша 71 миллион теңгеге 79 шара өткізу жоспарланған болатын. Биылғы маусым басталғалы қосымша сорғылар мен қазандықтар қосылып, бүкіл жүйе жуылып, су қысымын тексеру жұмыстары жасалды. Бірақ 19 дайындық іс-шара әлі де орындалмаған. Олар зауыттың жұмысына ешқандай әсер етпейтін - пластикалық терезелерді орнату, шамдарды ауыстыру және т.б. Осыны қазан айының басына дейін аяқтауға уәде берген еді.

Қазіргі уақытта «ЕЭК» АҚ қоршаған ортаға қалай аз зиян келтіру туралы ойлануда. Жетінші блокты қайта қалпына келтіруге алып тастаған соң, олар сүзгі бойынша коммерциялық ұсыныстар әзірлеуде. 2026 жылдан бастап екі электр өрісі мен қап сүзгілері бар блоктарда гибридті қондырғыны орнатады. Көмір жағуға арналған жабық құбыр да салынады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті қысқы кезеңге дайындықты жоғары деп бағалады.

– Ақсулық электр станциясы Ресейде, Қытайда тәжірибе жинап, көп жұмыс атқарды. Өткен жылы дәл осындай бюджетпен жоспарға сай атқарылған істері аз болған, – деп атап өтті ведомствода. – Облыстық бюджеттен қаржы кеш, шілде айында ғана бөлінгендіктен қысқа дайындық біраз кешіктірілді.

Тарифтерге келетін болсақ, Ақсу электр стансасы ең төменгілердің бірі.