Ақсу қаласы маңында шүберек тиелген тіркеме жанып кетті

Ақсу қаласы маңында шүберек тиелген тіркеме жанып кетті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрт 20 шаршы метр алаңды қамтыды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда сағат 18:21-де Ақсу қаласының маңында, Көктас ауылынан бес шақырым жерде Атамекен-Ақсу автожолында жүк көлігінің тіркемесі жанған. Жүк көлігі шүберек тасыған. 

Өрт сөндірушілердің күшімен тілсіз жау сағат 19:37-де толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жеке құрамнан бес адам және екі техника жұмыс істеді, – дейді департаментте. 

Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға кеңес береді.