Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады

Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Фото: Константин Шелков

Облыстың батыс, оңтүстік бөлігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 20-25 градус көрсетеді. 

Павлодар қаласында күн бұлтты болады. Түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус ыстық болады.