Ақсуда чипсы өндіру зауыты қашан іске қосылады?
Электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсу қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Ақтоғай АГРО» фирмасы ЖШС өндірістік қуаты жылына 10 мың тонна шикізат өндіретін картопты қайта өңдеу зауытын салу жобасын іске асыруда. Жер учаскесінің ауданы – үш гектар. Кәсіпорын картоп чипстері мен тағамдар өндіруді жоспарлап отыр.
– Нысанды 2026 жылы іске қосу жоспарланып отыр. 150 жұмыс орны пайда болады. Оның ішінде 135-і өндірістік персонал, – дейді баспасөз қызметінде.
Жобаның жалпы құны – 3 млрд 300 млн теңге. Меншікті – 660 млн теңге, қарыз сома – 2 млрд 640 млн теңге. Өнімді сату ішкі нарықта 85%, экспортқа 15% жоспарланған.
Өндірістік база құрылып, жабдықтар сатып алуды жоспарланып отыр. Жылына 3000 тоннаға дейін чипсы шығарылады. Ол үшін Леди Клэр картоп сорты қолданылады, Grizzly, SLANG сауда белгісімен шығады. Картоп қалдықтарынан картоп ұны өндіріледі.
Қазіргі таңда кәріз және сумен жабдықтау үшін техникалық жағдайлар жасалуда.