11 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады

11 тамызда Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +17...+22°C болады. Жауын-шашынсыз.

Күндіз қатты ыстық болып, ауа температурасы +33...+38°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +19...+21°C болады.Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз сынап бағаны +35...+37°C дейін көтеріледі.