Павлодарлық студент садақ атудан ел чемпионы атанды
Республикалық байқау Шымкент қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыс ересек спортшылар мен жастар арасында жеке және командалық есепте өткізілді. Байқауға еліміздің 10-нан астам облысынан 270-ке жуық спортшы қатысты.
– Турнир садақ ату спортын кеңінен насихаттау және ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу мақсатында өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Өнер және спорт жоғары мектебі ДШжС-22 тобының студенті Егор Поляков ең көп ұпай жинап, олимпиадалық садақ ату мен компаундта жасөспірімдер арасында екі алтын медальға ие болды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, спортшылардың арасында Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері де болды.