Железин ауданында газ баллон жарылған үйде ер адам көз жұмды

Үй толығымен жанып кеткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда сағат 11:28-де Железин ауданының Михайловка ауылында жекеменшік тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу салдарынан газ-ауа қоспасының тарсылы болып, 70 шаршы метр алаңда жану орын алды.
Мекенжайға Михайловка ауылының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеті және 16-ӨСБ өрт сөндірушілері жедел түрде шыққан болатын.
Жанып кеткен үйден 1959 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Өрт сағат 14:00-де сөндірілді.