Ақсулық Грэмми жеңімпазы «шектен шықты»

Диджей әрі саунд-продюсер Иманбек Зейкенов жаңа трек жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсулық музыкант «Limits» композициясының релизімен бөлісті. Иманбектің Instagram желісіндегі ресми парақшасында трекке «Менің қалай шектен шыққанымды көріңіз» деген жазу жазылған. Ән электронды музыка жанрында жазылған және 90-жылдардың хиттерінің әуездеріне толы.
Оны әртүрлі платформаларда тыңдауға болады. Иманбек Зейкеновтің бұған дейінгі «Alga Kazakhstan» әні биыл көктемде шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Музыкант 2000 жылы 21 қазанда Ақсу қаласында дүниеге келген, қарапайым отбасында өскен. Ол теміржол колледжін бітіріп, сол жерде әндер жаза бастады, оларды достарына тыңдауға беретін. Оқуын бітіріп, Ақсу бекетінде дабылшы болып жұмыс істеді.
2021 жылы оның «Roses» әнінің ремиксі Грэмми сыйлығын жеңіп алды. Иманбек Зейкенов бұрынғы КСРО-да классикалық емес музыка бойынша мұндай беделді сыйлықты жеңіп алған алғашқы музыкант болды.