Ақтоғай ауданында мотоцикл жүргізушісі аударылып қалды
Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 сәуір күні сағат 21.20-да Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылының маңындағы жолда 1986 жылы туған ауыл тұрғыны мотоциклмен жүріп келе жатып, аударылып қалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған тұрғын ауруханаға жатқызылды.
Мотоцикл полиция бөлімінің аумағына қойылды.