Ақтоғай ауданында мұғалім балаларды дамыту орталығын ашпақ
Орталық басшысы Айгүл Жүсіпова өз ісін кеңейту мақсатында арнайы ғимарат салуды қолға алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Төрт перзентті тәрбиелеп отырған көпбалалы ананың мамандығы – ұстаз. Педагогикалық еңбек өтілімі 19 жылды құрайды.
– Ауылда жалпы білім беретін мектеп пен балабақшалардан басқа, балаларға арналған балалар өнер мектебі бар. Бірақ, бізде қаладағыдай курстар болған жоқ. Ауылдарда мұндай даму орталықтары атымен болмаған. Сол себепті балалардың дамуына үлес қосу жайлы идеясы пайда болды. 2021 жылдың басында 528 мың теңге қаражатында грант ұтып алып, кабинетімді жабдықтадым, – дейді Ақтоғай ауданында орналасқан балаларды дамыту және түзету орталығының басшысы Айгүл Жүсіпова.
Ол 2021 жылы пандемия басталған сәтте бала оқытуда қиындыққа тап болған ата-аналардың қатарында болғанын және карантин кезінде білім сапасы төмендеп кеткенін айтады.
– Мұғалім болғаннан кейін үй тапсырмасын орындау және оларды шешу оңайырақ болды. Бастауыш сынып бағдарламасын балаға түсіндіру керек еді. Интернет әлсіз болғандықтан, байланыс үзіліп кете беретін. Міне, осы жағдай балалардың даму және түзету орталығын іске қосуға түрткі болды, – дейді спикер.
Кәсіпкер 2021 жылы аудандағы Қазпошта ғимаратындағы маусым айында кабинетті жалға алған. Ол жерде бүлдіршіндерді мектепке дайындық курстарын жүргізе бастаған.
– Себебі, кішкентайларға мектеп бағдарламасын игеру қиын болды. Ауыл шағын болғандықтан оқуға топтарды тез жинадым. Басында 20-дан астам бала болды. Бірте-бірте, екінші жылы оқыту тобының саны 60-қа жетті. Қазір тіпті жақын маңдағы Мүткенов, Харковька, Приреченское, Қожамжар сияқты ауылдардан ата-аналар балаларын дамыту және түзету орталығына әкеледі. Аудандағы білім ошағы бір ауысымда жұмыс істейді. Сондықтан балалар маған түскі астан кейін сағат 14.00 мен 18.00 аралығында тәлім алуға келеді,– деді Айгүл Жүсіпова.
Бүгінде балаларды дамыту және түзету орталығында әртүрлі деңгейдегі орыс және қазақ тілдерінде мектепке дайындық топтары бар. Негізінен курстар бір жылға жабдықталған. Жазда бөбектерде демалыс болады. Десе де кәсіпкерге «жазғы курстарды ашыңыз» деп ниет білдіретіндердің қарасы көп. Бастауыш сыныптарға арналған қосымша сабақтар бар. Кәсіпкер әртүрлі заманауи әдістерді үйренген. Мәселен, Зайцев бойынша оқыту, Лысенко курстары,сондай-ақ жылдам оқу, есте сақтауды дамыту, позитивті ойлау және тағы басқалары.
Кәсіпкер былтыр «мектепке креативті дайындық» авторлық әдістемесін жасаған. Бұл – ойын әдістемесі. Сұраныс жақсы болғандықтан, уақыт өте келе арнайы жабдықталған нысан салу ойы пайда болған. Бұл үшін жер сатып алып, учаске алған.
– Осы орайда «Бизнестің жол картасы 2020-2025» жеке кәсіпкерлердің байқауына өтінім бердім. Өткен жылы өтініш бергенімде, грантқа іліге алмадым. Биыл өтініш бергенімде жеңімпаздардың қатарында болғанымда, қуанышта шек болмады. Бизнес жобамды бастан-аяқ өзім жаздым. Қаржылық терминдер және оның жобасының негіздерін зерттедім. Десе де грантты жеңіп алмай тұрып, өз ақшама балаларды дамыту және түзету орталығы құрылысын бастаған едім. Ғимараттың іргетасы көтеріліп, шатырлары жабыла бастады. Байқау тікелей эфирде ашық өтті, – дейді Айгүл Жүсіпова.
Ұтып алынған грант қаражатына аумағы 85 шаршы метр, 100-120 балаға есептелген ғимарат салынуда. Кәсіпкердің айтуынша, күніне бірнеше топты қабылдауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, демалыс күндері уақыт бойынша шектеу болмайды.
Балаларды дамыту және түзету орталығының ерекшелігі оқу тобына қабылдану алдында іріктеу кезінде бөбектер білім деңгейінен өтеді. Олардың бойынан әлденеге назар аударуды,есте сақтауды, жалпы жағдайды тексереді.
– Онда тек интеллектуалды даму ғана емес, баланың физикалық дамуы да әсер етеді. Баланың қаншалықты сау екенін білу үшін диагностика кезінде неврологиядан басқа не бар екенін көруге болады. Содан кейін міндетті түрде невропатологқа немесе педиатрға дәрігерінің қабылдауына жіберемін.Оқыту барысында нео-ойындарды қолданамын,– деп атап өтті кәсіпкер.
Орталық басшысы бүгінде авторлық техникасымен мұғалімдер мен тәрбиешілерді оқытумен айналысады.
– Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың дамуына өз үлесін қосу. Тұлға кез келген кәсіп көзіне дұрыс қараса, бастама табыс,әрі пайда әкеледі. Қабырға, шатыр кәсіпкердің өз қаражатына салынған. Грант қаражаты бөлмені аяқтауға жұмсалады. Оған пластикалық терезелер, есіктер, жууыну бөлмесіне қажетті жабдықтар, цемент алынады. Құрылыс материалдарынан бөлек, интерактивті панельді, ноутбуктерді, үлкен ламинаторды сатып алу жоспарлануда, ол гранттық қаражатқа кіреді, – деді Айгүл Жүсіпова.
Орталықты 2024 жылдың қыркүйегіне іске қосу жоспарланып отыр. Жөндеу жұмысы тамыз айында аяқталса, жаңадан салынып жатқан ғимарат қызметін ерте бастауы мүмкін.
Фото:Константин Шелков