Ақтоғай ауданында тіл саясаты және ономастика мәселелері талқыланды
Ауданда көшпелі семинар өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен Ақтоғай ауданында «Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі» атты өткізілген көшпелі семинардың мақсаты - елді мекендердің тарихи, жер-су атауларын қалпына келтіру, ономастика мәселелерін талқылау және осы сала мамандарына әдістемелік көмек көрсету.
Іс-шараға облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілдері, Торайғыров университетінің профессоры, тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері қатысты.
– Семинар аясында тіл саясаты мен ономастика саласына жауапты мамандарға, осы бағыттағы жұмыстарға қатысы бар барлық тұлғаларға бағыт-бағдар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар, заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді, – деді ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінде.
Бұл ретте, аудан өміріндегі қазақ тілін дамыту ісіне белсенді қатысқан еңбек ардагері Шайахмет Садуақасов және математика пәні мұғалімі Валентина Иванова басқарманың Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.