Ақтоғай ауданында төтенше жағдайларға дайындық пысықталды

Ақтоғай ауданында төтенше жағдайларға дайындық пысықталды
Фото: Ақтоғай ауданының әкімдігі

2025 жылға арналған азаматтық қорғаныс жүйесінің жоспарлы іс-шаралары аясында өтіп жатқан жаттығулар 24–26 маусым күндері аралығын қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараның мақсат – төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, арнайы қызметтердің және халықтың өзара іс-қимылдарын үйлестіру.

Оқу-жаттығу аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кеңестен басталды. Шараға ауылдық округ әкімдері, ұйым жетекшілері және облыстық, аудандық азаматтық қорғаныс қызметтерінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға оқу-жаттығудың негізгі мақсаты түсіндіріліп, жедел міндеттер жүктелді. Барлық басқару құрылымдары «Күшейтілген дайындық» режиміне көшірілді. Бұдан кейін жедел әрекет ету тобының саптық байқауы өтіп, құрылымдардың төтенше жағдай кезіндегі дайындығы тексерілді.

Мамандардың айтуынша, мұндай жаттығулар азаматтық қорғаныс жүйесінің нақты төтенше жағдайлар кезінде тиімді жұмыс істеу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.  

Әмина Жеңіс