Павлодарлық спортшы Тайландта тас жолдағы веложарыстан алтын медальді еншіледі

Павлодарлық спортшы Тайландта тас жолдағы веложарыстан алтын медальді еншіледі
Фото: pexels.com

Құрлықтық біріншілік 7-16 ақпан аралығында Пхитсанулок қаласында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Тайландта тас жолдағы велоспорттан Азия Чемпионатының алғашқы жарыс күні ҚР Ұлттық құрамасының спортшылары Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Ринат Сұлтанова, Анжела Соловьева микс эстафетасында алтын медаль әкелді. 

Айта кетейік, Павлодар қаласы жоғары спорттық шеберлік мектебінің спортшысы Рината Сұлтанова 2023 жылы Тайланд елінің Районгта қаласында өткен тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды.