Ақтоғайда Тәуелсіздік күнінде дәрігерлік амбулатория ашылады

Ақтоғайда Тәуелсіздік күнінде дәрігерлік амбулатория ашылады
Фото: Константин Шелков

Әуелбек ауылында медициналық нысан аяқталуға жақын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ақтоғай ауданының әкімдігі мәлім етті. 

– Ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ғимаратын қаптау және шатырын орнату жұмыстары аяқталуда.Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ көмір сақтауға арналған үй-жайдың құрылысы белсенді жүргізілуде,– деп атап өтті әкімдікте. 

Мердігерлік ұйым 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай ауылдық дәрігерлік амбулатория ашуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Әуелбек ауылындағы мәдениет үйінде газ жабдығы мен ішкі жылыту жүйесін орнату бойынша жұмыстар аяқталуда. Нысан 1 желтоқсанда салтанатты түрде ашылады деп көзделуде.