Ақтоғайлықтар үшін ауыл ішінде күніне үш рет жүретін автобус қатынайды

Ақтоғайлықтар үшін ауыл ішінде күніне үш рет жүретін автобус қатынайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Балалар мен оқушылардың жолақысы тегін болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов өзінің Instagram парақшасында мәлім етті. 

– Бүгіннен бастап Ақтоғай ауылы бойынша ауылішілік маршрут дүйсенбі-жұма аралығында күніне 3 рет жүретін болады,– деп жазды аудан әкімі.

Қозғалыс уақыты:

  • таңертең: сағат 07:25-тен 09:05-ке дейін;
  • түскі уақытта: сағат 12:00-ден 14:05-ке дейін;
  • кешке: сағат 18:00-ден 18:50-ге дейін.

Жол ақысы мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға тегін, ал ересектер үшін 80 теңгені құрайды. 

Қозғалыс схемасында өзгерістер болуы мүмкін.