Аққулы ауданында бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Аққулы ауданында бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудан прокуратурасымен мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аталған талдау нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды, бұл 26 бизнес субъектісінің құқықтарының бұзылуына алып келген. 

Атап айтқанда, мемлекеттік органдар енгізілген кепілдік қамтамасыз етулерді қайтармаған. Қарыз 2022 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде қалыптасқан, жалпы сомасы – 3 078 999 теңге, – дейді Аққулы ауданының әкімдігінде. 

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, барлық бизнес субъектілеріне кепілдік сомалары қайтарылып, олардың құқықтары қорғалды.