Павлодар облысында «Жолдағы қабылдау» науқаны басталады

Тұрғындар көкейкесті сұрақтарын полиция қызметкерлеріне тікелей қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасы бойынша 3-4 қазан күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Павлодар облысы аумағында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтеді.
Аталған акция аясында жол-техникалық инспекция, әкімшілік практика, процессинг орталығы, көші-қон қызметі бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары мен кеңестер беріледі.
Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің «жедел желі» телефоны жұмыс істейді: 8(7182) 39-14-66.
Павлодар қаласының полиция басқармасы келесі орындар бойынша акцияны өткізеді: 3 қазан сағат 10:00-13:00-де Қамзин көшесі, 67/1, «Батырмол» сауда-ойын орталығы, ал сағат 15:00-18:00-де Естай көшесі, 81 мекенжайында. 4 қазан күні сағат 09:00-13:00-ге дейін Торговая көшесі, 2А, «Жайлау» базары, ал сағат 15:00-18:00-де Н.Назарбаев даңғылы, 41, «Артур» сауда-ойын-сауық орталығында басталады.
3-4 қазан күндері Екібастұзда Әуезов көшесі, 147, М.Жүсіп көшесі, 92/2, Ақсуда Ленин көшесі, 10, Ақтоғай аудан орталығында Қайырбаев көшесі, 48, Баянауыл аудан орталығында Сәтбаев көшесі, 28, Железин аудан орталығында Квитков көшесі, 5, Ертіс аудан орталығында Иса-Байзақов көшесі, 14, Тереңкөл аудан орталығында Елгин көшесі, 88а, Аққулы аудан орталығында Амангелді көшесі, 69, Май аудан орталығында Абылай хан көшесі, 43, Успен аудан орталығында Терешкова көшесі, 30, Шарбақты аудан орталығында Чайко көшесі, 49 мекенжайларында өтеді.
Ал Павлодар ауданында 3 қазан күні Заря ауылы, Абай көшесі, 1а, 4 қазанда Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 30 мекенжайы бойынша болады.