Аққулы ауданында заманауи мектептің іргетасы қаланды

Аққулы ауданында заманауи мектептің іргетасы қаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ескі мектеп ғимараты апатты деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаңа мектеп ғимараты 70 оқушыға арналған сыныптармен және 20 тәрбиеленушіге арналған шағын орталықпен жабдықталған. Мектеп заманауи талаптарға сай, балалардың толыққанды оқуы мен дамуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етеді.

Мектеп аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары орналасып, 100 метрлік тартанды жамылғысы бар жүгіру жолы салынды. Бұл спорттық инфрақұрылым балаларға жаңа жетістіктерге жетуге ынталандырады.

Сонымен қатар, барлық оқушыларға инвестордың есебінен мектеп және спорттық киімдер сатып алынды, бұл отбасыларға үлкен көмек болды.

Еске сала кетейік, желтоқсан айында облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына жасаған жұмыс сапарында Тілектес ауылының тұрғындары ескі мектептің апатты жағдайын айтып, жаңа мектеп салу қажеттігін жеткізді. Осы ұсыныс бойынша 2025 жылғы наурызда облыс әкімінің қолдауымен жаңа мектеп құрылысы басталып, ауыл тұрғындарының арманы орындалуда.