«Бір ауыл – бір өнім»: Павлодарлық брендтерді дамытудың кезекті кезеңі басталды

«Бір ауыл – бір өнім»: Павлодарлық брендтерді дамытудың кезекті кезеңі басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылдар бойы жергілікті өндірушілердің басын қосқан бірегей жоба биыл да өңір кәсіпкерлеріне жаңа серпін беруге дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары, атап айтқанда «Жергілікті және локальды ресурстардан өнім өндірушілерді қолдау» бағыты бойынша кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қызмет көрсететінін хабарлайды. 

Осы бағыт шеңберінде өңірімізде көптен бері сәтті жүзеге асырылып келе жатқан «Бір ауыл - бір өнім» (БАБӨ) жобасын іске асыру жалғасуда.

БАБӨ жобасы кәсіп иелері үшін келесі іс-шаралар мен қызметтерді ұйымдастыруды қамтиды: білікті мамандардан кеңес беру, өндірілген тауарларды таныстыру мақсатында өңірлік көрмелер өткізу, перспективалы өнімдерді айқындау. Сондай-ақ жоба финалистерін оқыту және олардың өнімдерін ішкі немесе сыртқы нарықтарға шығаруға жәрдемдесу бойынша маркетингтік сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Толығырақ ақпаратты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Луговая көшесі, 16, 316-кабинет. 

Анықтама телефоны: 8 (7182) 66-03-11, call-center – 1432.