Бөлшек сауданың жоғары үлесі Павлодарға тиесілі
Бөлшек сауда көлемі 2024 жылғы қаңтар-тамызда 418,3 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, бұл – 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,8% жоғары.
«Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 2024 жылғы қаңтар-тамызда өткен жылдың тиісті кезеңіне 110,3% құрады. 2023 жылғы қаңтар-тамызда 102,3% болған.
Саудамен айналысатын кәсіпорындармен тауарларды бөлшек саудада өткізу 300,4 миллиард теңгені құрады немесе 2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 3,4% жоғары. Азық-түлік тауарларының бөлшек сауда жалпы көлеміндегі үлесі – 32,3%, азық-түлік емес тауарлар – 67,7%.
Сату көлемінің ең көп өсім азық-түлік емес тауарлар бойынша, атап айтқанда, дизель отыны, автомобиль, компьютерлік және тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын іске асыратын кәсіпорындарда байқалады. Есеп берген кәсіпорындар бойынша 2024 жылғы 1 қыркүйекке сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі бөлшек саудада 50,8 миллиард теңгені, сауда күндерінде 52 күнді құрады.
Облыстың бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Павлодар қаласына (61,7%), Екібастұз қаласына (21,5%), Ақсу қаласына (6,3%) келеді.