Балаева: TikTok ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда жабылады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева TikTok-ты жабуға қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
– TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр, - деді ведомство басшысы.
Министр айтқандай, әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр.
– Өздеріңізге айтқан ұсынымдарымды білесіздер. TikTok, Фейсбук, Инстаграм болсын, ұлттық қауіпсіздігімізге қандай да бір нұқсан келтіруге жол бермейміз. Балаларымыз – біздің келешегіміз. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде TikTok-тағы заңсыз контенттің барлығы дер кезінде анықталып, алынып тасталып отыр. Бұл жағынан бізбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп отырған әлеуметтік желілердің әкімшілеріне рақметімді айтқым келеді. Жұмыс едәуір жақсарып, жанданып келе жатыр, - деді ведомство басшысы.
Балаева әлеуметтік желі ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтірген жағдайда, ол жабылатынын айтты.
– Бірақ қазіргі таңда ондай сұрақ туындап отырған жоқ. Біз олармен нәтижелі бірге жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Аида Балаева.