Басқа учаскеде дауыс беруге бола ма?
Шетелде бола тұра да дауыс беруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша, болатын жеріңіз өзгерген жағдайда алдын ала, 2024 жылғы 5 қазанда сағат 18.00-ге дейін референдум учаскесіне хабарласып, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу қажет.
Осы құжатпен басқа елді мекенде дауыс бере аласыз. Сонымен қатар бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс беруге болмайды.
Референдумға қатысу үшін өзіңіз орналасқан шет мемлекеттегі референдум комиссиясының учаскесіне жүгінуіңіз керек. Учаскелердің мекенжайларын ҚР СІМ сайтынан табуға болады. Өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.