Бас мүфти павлодарлық ақсақалды қажылыққа шығарып салды

Бас мүфти павлодарлық ақсақалды қажылыққа шығарып салды

Ұмраға 94 жастағы қариямен бірге оның баласы аттанады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алматы қаласына жасаған сапарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық пен имандылықтың өнегесін көрсеткен 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақалмен арнайы кездесті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлім етті.

Айта кетейік, биыл шілде айында ерекше қайырымдылық жасаған Сағадат ақсақалға Бас мүфти атынан қасиетті қажылық сапарына жолдама сыйланған болатын.

Ұмра сапарына аттанар алдында Сағадат Жұмабаев Бас мүфтиге ақ батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Сағадат ақсақалдың өз өтініші бойынша оған жол бойы көмек көрсету үшін жақын танысының баласы Дамир Акпар бірге ұмра сапарына аттануда.

Естеріңізге сала кетейік, Сағадат ақсақал 13 жылдан бері Павлодар қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Ақсақал өмір бойы қажылыққа деп жинаған қаражатын сырқат баласы бар 30 анаға бөліп, әрқайсысына 120 мың теңгеден, жалпы 3,6 миллион теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын.