Баянауылда әйел адамды өрмекші шағып алды

Баянауылда  әйел адамды өрмекші шағып алды

Демалуға келген адамның тыныс алуы қиындаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 39 жастағы әйел адам Баянауыл аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне арқасы мен кеудесіндегі ауырсынуға шағымданған. Науқастың айтуынша, Торайғыр көлінің демалыс аймағында оны өрмекші шаққаннан кейін кеудесімен толық тыныс ала алмай қалған.

Науқасқа клиникалық диагноз қойылды: улы емес жәндіктер мен басқа буынаяқтылардың шағуы, – деді басқармада. 

Дәрігерлер өрмекші шаққан әйелді сол күні қарап, амбулаторлық емдеуге жіберді.

Фото: Константин Шелков