Павлодарда тұрғын үй балконынан өрт шықты

Павлодарда тұрғын үй балконынан өрт шықты
Фото: Константин Шелков

Тұрғындарды эвакуациялаудың қажеті болмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қазанда таңғы сағат 07:37-де Қайырбаев көшесі, 104 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түсенг. 

– Үйдің үшініші қабатында екі бөлмелі пәтердің балконында екі шаршы метр аумақта матрац жанған, – деді департаментте.

Өртті сөндіруге 29 қызметкер мен сегіз техника жұмылдырылды. Тілсіз жау 17 минуттың ішінде сөндірілді. Себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.