Павлодарлықтарға ұзақ күтпей жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады

Павлодарлықтарға ұзақ күтпей жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады
Фото: egemen.kz

Бос орындар жәрмеңкесі Естай көшесі, 81 мекенжайы бойынша «Квазар» орталық базарында өтеді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«Жастар рухы» жастар қанатының мәліметінше, шараға келесі кәсіпорындар қатысады:

- Павлодар мұнай-химия зауыты;

- «Алюминий Қазақстан» АҚ;

- Павлодар алюминий зауыты;

- «Қазпошта» АҚ;

- «СОВИ-KZ» ЖШС;

- «Тандем» ЖШС;

- «Крендель» ЖШС;

-  Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы;

«Атамекен» Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы;

«Collisto epoxy» ЖК;

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС;

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы;

Павлодар облысының білім басқармасы;

«Айсберг ПВ» ЖШС.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі «Осында және қазір» форматында өтеді, яғни ұзақ күтпей-ақ немесе іріктеусіз тікелей жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұсынылады.