Баянауылда боранда мал іздеген тұрғын жоғалып кетті
Іздеу-құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Баянауыл ауданында Сәтбаев ауылдық округінде ТЖД, жергілікті атқару органы және халықтың күшімен 1996 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді.
– Ол шамамен сегізінші ақпан күні шамамен сағат 10-да мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен. Соңғы рет шамамен 13.30-да байланысқа шыққан. Ер адам сағат 21.37-де табылды, Баянауыл аудандық ауруханасына жеткізілді, – дейді департаментте.
ТЖД қызметкерлері өткен тәулікте төрт адамды эвакуациялады. Павлодар ауданында қар құрсауында қалған «ГАЗель» маркалы автокөліктегі екі адам Байдала ауылына эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады.
Ақтоғайда ТЖД күштерімен «Mitsubishi Montero Sport» маркалы көліктен екі адам эвакуацияланып, Жаңабет ауылы ЖОББМ жылыту пунктіне жеткізілді.
Еске сала кетейік, облыстың тас жолдарында 350-ден астам көлік тұрып қалды.